Документы

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 0

мектеп эмблемасы
Автор: Бастауыш сынып мұғалімі

Ашық сабақ (3-сынып)

Тақырыбы. Зат есім. (3-сыныпта өткен ашық сабақтың жоспары)

Сабақтың мақсаты:  1. Оқушылардың зат есім және оның түрлері туралы түсініктерін жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қалыптастыру.

                                     2. Оқушыларға түрлі тапсырмалар орындата отырып, шығармашылық

                                         қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.

                                     3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, шыдамдылыққа, топта өзін және өзгені тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сызбалар, тірек сөздер, суреттер, жұмбақтар

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі:  СТО жобасы бойынша

Пәнаралық байланыс: ана тілі, сурет

Сабақтың барысы:     І. Қызығушылығын ояту

- Балалар, бүгінгі сабағымыз туған еліміздің табиғатына арналады. Ендеше сөз кезегі өздеріңе беріледі.

Психологиялық жаттығу: - Балалар, бүгінгі сабағымыз табиғат тақырыбына арналғандықтан, «Менің табиғатым....» атты сөйлемді өз ойларыңмен жалғастыруларыңды өтінемін.  Әрқайсысың табиғат ұғымын  бір ауыз сөзбен ортаға жеткізіңдер. Мысалы: Табиғат – ол дала, табиғат – ол өсімдік, т.б.

  • Үй тапсырмасын сұрау:  Сөз таптары туралы не білеміз?
  • Топтастыру әдісі арқылы зат есім, етістік, сын есімге мысалдар келтіру.

  Сөзжұмбақ арқылы зат есім туралы түсінік беру.

ІІ. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

284 – жаттығу. Суреттегі құстардың атын ата. Құстардың атын қатыстырып сөйлем құра.

Мысалы: Қарлығаш ұя салды.

285 – жаттығу.  Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Мысалы: Дәрігер ауруханаға келді.

Ережені қайталау: Зат есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

286 – жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті зат есмідерді қойып, көшіріп жаз.

Малдың төлдері: қозы, лақ, бота

Аңдар: аю, қасқыр

Құстар: бұлбұл, тоқылдақ

Жұмбақпен жұмыс: Тақтаға жұмбақтар беріледі. Әр топ жауабын тауып, сұрақ қою арқылы зат есім екендігін дәлелдейді.

1. Ала таяқ қолында,                                   2. Жұмысы шотпен,

Ағайлар тұр жолыңда.(милиция)                   Есептеп өткен(есепші)

3. Ұстап қалып,

Жүр үй салып (құрылысшы)

ІІІ Ой толғаныс кезеңі

Әр топқа тапсырмалар таратылады

 І топ: Сөзді жалғастыр: «Ала қанат...., қалдықты жеп....»

ІІ топ: Қимылы бар, заты қайда? ойынының тапсырмаларын орындау.

ІІІ топ:  Кез келген зат есімге бес жолды өлең құрап жазу.

Мысалы: 1. Кім? Оқушы

          2. Қандай? Қандай? (Ұқыпты, тәртіпті)

          3. Не істейді? Не істейді? Не істейді? (Оқиды, жазады, біледі)

          4. Сөйлем. (Білімді оқушы ізденіп оқиды)

          5. Синоним (Бала)

Үй жұмысы: 287 – жаттығу.

Бағалау. Алғыс білдіру.


Просмотров: 2431
Дата создания: 03.02.2011
Дата редактирования: 03.02.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource